Семейде ескі көпірдің бір шеті опырылып қалған

Семейде ескі көпірдің бір шеті опырылып қалған

Семей қаласында ескі көпірдің бір шеті опырылып қалды. Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Құрметті семейліктер, бүгін шамамен кешкі 20.00 кезінде авто-жегін көпірінің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде плита орнынан қозғалып кетті. Оқиға орнына қала әкімінің орынбасары, көлік және автомобиль жолдары бөлімі мен жол-патруль қызметінің өкілдері барды. Көпір конструкциясында айтарлықтай қирау, бүліну белгілері байқалмады. Дегенмен қауіпсіздік мақсатында көпірдегі қозғалысты тоқтатып, көлік пен жаяу адамдардың жүруіне тыйым салынды», – деп хабарлады қала әкімдігі.
https://www.youtube.com/watch?v=c-Hr0NbEGIo