Сайланған әкімдермен кездесті
Сайланған әкімдермен кездесті

«Nur  Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төра­ғасы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан сайланған ауыл­дық округ әкімдерімен кездесті.  Облыс басшысы халық таңдауынан шыққан жаңа әкімдерді сайлаудағы жеңіс­тері­мен құттықтап, алдағы мақсат-міндеттерін ай­қын­­дап берді.

– Әкім – істің адамы. Ауыл әкімі халықпен етене араласуға міндетті. Ауыл әкімдерінің қызметі әрбір тұрғынның күнделікті тыныс-тіршілігінде туындайтын қажеттілікпен тікелей байланыс­ты. Сондықтан да бұл – өте абыройлы да  жауапты жол. Ең алды­мен өзекті мәселелерге талдау жүр­гізіп, проблемалар картасын жасау керек. Оның ішінде басымдыққа ие жобаларды нақтылап, шешу жолдары бойынша ұсыныс енгізу қажет. Ең бастысы, әлеуметтік мәселе. Жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға күш салу, жаңа кә­сіпорындар ашып, инвестиция тарту керек. Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын арттыру, қоқыс полигондарының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, қалыпты жұмыс жасауын қам­тамасыз ету керек, – деді Өмір­зақ Шөкеев. Сондай-ақ облыс әкімі заң аясында  пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып, жеке тұрғын үй салуға, шаруа қожалықтарының жұмысына жер  бөлу, ортақ жайылым жер мәселесін шешуді тапсырды. әкімдер кездесу Ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізу, там­шылатып суару, жылына 2-3 өнім алу әдісін пайдалану, ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында тоғандар салу мүмкіндіктерін зерделеп, ұсыныс  енгізуді міндеттеді. Мал басын асылдандыру, ветеринария­лық қауіпсіздік жұмыстарына ерек­ше назар аударуды тапсырды. Сайлау қорытындысы бойынша Түркістан облысында 60 әкім сайланды. 32 әкім (53%) жаңадан сайланды.

А.ЖАСАНҰЛЫ