Шетелге ақша кетіп жатыр
Шетелге ақша кетіп жатыр
130
оқылды

Отандастарымыздың шетелге жіберген ақшасы елге келген ақшадан 3,3 есе көп. Ranking.kz талдаушылары 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізден шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жеке тұлғалар 451,9 миллиард теңге жібергенін, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,6 пайызға артық екенін хабарлады.

2021 жылдың қаңтар-маусым ай­ларында шетелге 137,8 мил­лиард теңге жіберілген. Ең көп ақ­ша Өзбекстанға кетіпті – 114 миллиард теңге. Одан кейін Түр­кия (96,2 миллиард теңге) және Ресей (93,3 миллиард теңге) тұр. Ақшалай қаражаттың елеулі көлемі қырғыз еліне (76 миллиард теңге) және Қытайға (15,4 мил­лиард теңге) да жіберілген. Ал шетелден келген ақша кө­лемі бойынша Ресей көш бастап келеді – 28,6 миллиард теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 19,3 пайызға аз. Одан соң Өзбекстан­нан 22,6 миллиард теңге келген. Бір қы­зығы, өткен жылмен салыстыр­ғанда бұл көрсеткіш 72,4 пайызға артық. Үшін­ші орында Оңтүстік Корея тұр. Пандемияға байла­нысты бұл елден ау­да­рымдар 20,1 пайызға, яғни 20,9 мил­лиард теңгеге дейін қысқарған.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ