Есірткі зертханасын ашқан адам сотталды
Есірткі зертханасын ашқан адам сотталды
117
оқылды

Алматыда ірі есірткі зерт­ханасын ашқан адам 11 жылға сотталды. Қалада мұндай зерт­­хана бары 2020 жылғы тамыз айында анықталған-ды. Полицейлер орынды Нау­рызбай ауданының аума­ғын­да орналасқан бау-бақ­ша­лардың бірінен тапқан еді.

«Есірткі зертханасына айнал­ған үйден синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі жабдық табылды. Сон­дай-ақ ірі көлемде дайын өнімдер – «Мефедрон» мен а-PVP жүйкеге әсер ететін заттар тәркіленді», – деді Алматы қала­лық ПД Тергеу басқар­масы бас­ты­ғының орынбасары Әділ Салаев. Мәліметке сүйенсек, поли­цей­лерге Алматы қаласындағы көлік-ло­гистикалық компания­лардың біріне синтетикалық есірткі дайын­дайтын зертхана құралдары тиелген жүк ке­зіккен. «Жүкке» 45 жастағы К. есімді азамат тапсырыс берген. Арнайы шаралар жүргізілген соң оның заңсыз қызметі мен есірткі зерт­ханасы анықталған. Зертхана иесі ұсталып, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бо­йынша айыпты деп танылады. Осы­лайша, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айбике ЖАНАСЫЛ