«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жедел медициналық жәрдем қызметі жүргізушілерінің мәселелерін қарады.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі жүргізушілерінің коронавирус инфекциясымен (КВИ) ауыратын пациенттерге шақырулар үшін үстемеақылардан айыру, сондай-ақ шұғыл шақыруларға қызмет көрсету кезінде жылдамдық режимінің асып кетуі мәселесі бойынша шағымдары жарияланған болатын. Комиссия отырысында жүргізушілердің талаптарын талқылау және сол жерде шешім қабылдау үшін тікелей жүргізушілермен және жедел медициналық көмек қызметінің басшылығымен жұмыс кездесуін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына комиссия төрағасы, депутат Әміржан Нәбиев, депутат, Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры Алмат Қодасбаев, комиссия мүшелері, сарапшылар және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы кірді. Жұмыс тобы жүргізушілердің қызметімен танысты. ЖМЖС директорының дәлелдері, жүргізушілердің талаптары және сарапшылардың қорытындылары тыңдалды. Кездесу қорытындысы бойынша жүргізушілерге заңнама және ЖМКС тиісті ұсынымдары шеңберінде түсініктеме берілді. Аталған мәселе «Nur Otan» партиясының бақылауында болады.Әбілмансұр ЖАСАН