Менталды денсаулық та маңызды
Менталды денсаулық та маңызды
1,213
оқылды

Жақында спорттық гим­нас­тикадан Токио Олимпиадасында сынға түскен Симона Байлздың әре­кетіне бәрі таңғалды. Өйт­кені сарапшылар биыл оны 6 ал­тын медаль алады деп бол­жа­ған. Ал ол болса, менталды ден­саулығына алаңдап, жарысты жалғастырудан бас тартты. Сөйт­се, Байлз бала кезінен пси­хи­калық көңіл күйімен күресетін болып шықты. Әрбір сайыс ал­дында сенімді болу үшін дәрі қа­былдап жүрген. Сонда мен­тал­ды денсаулық анау айтқан­дай маңызды ма? Елімізде адам­­дар бұған қаншалықты мән бере­ді?

Менталды денсаулық дегеніміз...

Біз әңгімеге арқау еткен Байлз Олим­пиадаға өзіне қажетті препаратты алып келе алмаған. Себебі Жапонияда бұған тыйым салынған екен. Содан алғашқы айналымда өнер көрсеткеннен кейін жаттығуына көңілі толмаған ол бәрінен бас тартты. «Не болып қалды?» деген сұраққа қарамағындағылар «менталды денсаулығына алаңдағандықтан» деп жауап қатқан. Спортшы бұдан да ары депрессияға түсудің алдын алып, жан тыныштығын қалаған деп топшыласақ болады. Жалпы, «аурудың бәрі жүйке жүйесі­нен» деп жатады. Кейінгі он жыл ішінде алыс-жақын шетелдерде психологиялық денсаулық ұғымы жиі айтылып жүр. Ал елімізде пандемия басталғалы бері адамдар ішкі көңіл күйіне мән беріп, рухани дүниесін емдеуді қолға алды. Не­ліктен осының ішінде менталды денсау­лықты қарастырып отырмыз? Өйткені денсаулықтың бұл түрі адамның әлеуетін іске асыра алуын, күйзеліске төтеп беруін қарастырады. Сондықтан да ДСҰ пси­хологиялық денсаулықты рухани және мен­талды денсаулық деп екіге бөледі. Иә, біз осыған қатысты мысалды күн­делікті өмірде жиі кездестіреміз. Мен­талды денсаулықтың бұзылуы әлеуметтік өзгерістен, жұмыстағы күйзеліс, әлеу­меттік шеттетілу, жыныстық дис­криминация, зорлық-зомбылық пен адам құқығының бұзылуынан туады. Ай­на­лаңызға қарап «қазір бейімдеу орта­лықтары неге көбейіп кетті?» деп ойланып көріңіз. Дамыту орталықтары, бос уақытын тиімді пайдалану курс­тарынан аяқ алып жүре алмайсыз. Не үшін? Себебі адамдар ішкі ресурсын қайда жұмсауды, өзін тануды, жол табуды білмей жатады. Мәселен, бұрын адамдар үшін бәрін мемлекет шешіп қоятын. 10-11 сыныпты аяқтаса, оқуға түсетін, оны бітірсе жұмыс істеуге ауыл-ауданға жіберетін. Ары қарай сол жерде өсіп-өнетін. Ал қазір тіршілік мүлдем басқаша. Университет бітірсеңіз де, ортаға адап­тация жасау қиын. Мектеп оқушылары үшін де солай. Сондықтан психолог пен психотерапевтің көмегіне жүгінген маңыз­ды.

Жасөспірімдер де, жастар да өзін сан қырынан сынап көретін жоба жасау. Үйде отыратын әйелдердің де екінші тынысын ашып, қоғамға басқа көзбен қарауға мүмкіндік беру. Қарттарға келсек, әлеу­меттік қолдау орталықтарын көбейтіп, бос уақытын сонда өткізуін қадағалау. Мектепте, жұмыста, қоғамның кез келген секторында адамдарға психологиялық көмек көрсету.

Мысалы, психотерапевт Арай Сайлау­қызының айтуынша, жағдайды бақылап, түсініп үйрену керек. Биыл менталды денсаулыққа арналған конференцияда, тіпті КВИ-мен ауырмаған адамдардың арасында  депрессия, ұйқысыздық, алаң­дау көбейгені айтылған. Ал түрлі нәрсені ой­лау, бас қатыру психологиялық денсау­лыққа кері әсер етеді. Психотерапевт мұны ортамен бірге емес, жекелей дамуды мақсат еткен ғасырдың жемісі деп отыр. «Ата-анасы қызының экономика саласында білім алуын қалады делік. Ал қыздың дизайнер атанғысы келеді. Сол үшін өзі қаламаған салада білім алу оған қиынға соғады. Осы сәтте ішкі қарама-қайшылық туып, ұзақ уақытқа жалға­сатын стреске алып келеді. Стрестің соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін. Кейбірі мұнымен күресе алады. Екін­шілері жағымсыз эмоциямен өмір сүруін жалғастырып, өзін қинаған үстіне қинай түседі. Әрине, оған психолог пен пси­хотерапевтің көмегіне жүгін дейтін жақынының болғаны игі. Олай болмаса невроздың бұл түрі асқынып кетуі ғажап емес», – дейді ол.

Эмоционалды интеллекттің маңызы қандай?

Елімізде әйелдер арасында нейро­психиатриялық бұзылулар жиі кездеседі. Бірақ суицид жасау жағына келсек, ерлер арасында мұндай қадамға баратындар көп. Біразы өмірде өз орнын таппағаннан, отбасындағы қиындық, қаржы мәселесі, жұмыссыздық дерті мазалағандықтан күйзелістің артына қайғы жамайды. Сондықтан мамандар қазір интеллек­туалды интеллектпен қатар эмоционалды интеллекттің маңызды екенін айтады. Мысалы, IQ-і жоғары адам бәрімен бірдей араласып, ортаға сіңісіп кетеді деп кім айтты? Жұмыста табысты, ортада сыйлы болу үшін психолог болған абзал. Ал эмоционалды интеллекті жоғары адам кіммен қалай қарым-қатынас жасауға, үйренген білімін кәдеге жаратуға, стра­тегиялық жоспар құруға бейім екен. Сон­да EQ қабілеті жоғары адамдар депрес­сиядан іргесін аулақ салуға, кез келген іске екінші жағынан қарауға талпынады. Бұл болса психологиялық денсаулық үшін таптырмайтын көмек. менталды денсаулық Ал менталды денсаулықты күшейту үшін не істеу керек? Психикалық ден­саулық күйін түзеу үшін физикалық денсаулықты ғана емдеу аздық етеді. Мәселен, тұмауды емдеу үшін әртүрлі дәрі ішетіндей, менталды денсаулықты түзеу үшін де кешенді жоспар қажет. Мамандар, мемлекеттің психикалық денсаулыққа көбірек көңіл бөлгенін қалайды. Жұмысқа орналастыру, баспана мәселесі, әлеуметтік қамсыздандыру, білім саласына ден қойған жөн. Бала туылғаннан бастап оған демеу болып, дамитын орта қалыптастыру. Жас­өспірімдер де, жастар да өзін сан қы­рынан сынап көретін жоба жасау. Үйде отыратын әйелдердің де екінші тынысын ашып, қоғамға басқа көзбен қарауға мүмкіндік беру. Қарттарға келсек, әлеу­меттік қолдау орталықтарын көбейтіп, бос уақытын сонда өткізуін қадағалау. Мектепте, жұмыста, қоғамның кез келген секторында адамдарға пси­холо­гия­лық көмек көрсету. Соның ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасын, мүге­дектерді, мигранттарды қоғамға бейімдеу. Бұл – біздің емес, ДСҰ-ның менталды денсау­лықты күшейту туралы баян­дамасындағы басым бағыттар. Қазір әлем елдері аталған мәселелерді шешуге күш салып жатыр. Өйткені осы түйінді шеш­кенде ғана суицидтің алдын алып, қо­ғамға бейімделе алмаған адамдарды азай­туға болады. Соның ішінде еліміз жасөспірімдерге қолдау білдіру санатына баса назар аударуы керек. Себебі мектептегі пси­холог­тар 45 минуттық сынып сағатынан аса алмайтыны шындық. «Баланың неге көңіл күйі жоқ?», «Ол неге сабақта қал­ғып-мүлгіп отырады»?», «Ол неге тұйық әрі көңілсіз?» дейтін сұрақтарға бас ауырт­пайтыны тағы бар. Осы орайда шетел­дегідей психолог пен медбике бірге жұмыс істеуі керек. Мүмкін сабақта қалғып отыратын балаға Д витамині жетіспейтін болар. Тұйық әрі үнемі көңілсіз жүретін оқушының отбасылық мәселеден әбден басы қатып, кімге ай­тарын білмей жүрген шығар. Сондықтан да мамандар мектеп пен мектеп басшылығының жасөспірім­дердің менталды денсаулығына көбірек көңіл бөлгенін қалайды. Өйткені олардың ары қарай үлкен өмірге бейімделуі кө­бінесе үй мен мектептегі жағдайға бай­ланысты екен.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ