Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады
©24.kz

10 тамыз күні Алтай өлкесінен келген циклон республиканың солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

Қазгидрометтің мәліметінше, циклон салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыс пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Ал жекелеген аудандарда бұршақ түседі, дауыл тұрады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, дауыл соғады.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жел соғады. Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Қостанай, күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Түркістан облысында шаңды дауыл көтеріледі.