Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға Индер ауданының Есбол ауылының маңында болған.
Жастардың өзара текетіресіне не себеп болғаны белгісіз. Бірақ төбелес кезінде 30 жастағы тұрғын басынан қатты соққы алып, ауруханаға жеткізілді. Алайда ауыр жарақаттың салдарынан ол аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды."Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", – деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.Қазір полиция "Адам өлтіру" бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 адамы қамауға алынды.