"Жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ
"Жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ
©liter.kz
122
оқылды

2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, "жасыл" аймақта бірде-бір өңір қалмаған. 

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. "Сары" аймақта: Түркістан облысы.