Үндістанда ер адамның құлағында сымсыз құлаққап жарылып, қаза тапты
Үндістанда ер адамның құлағында сымсыз құлаққап жарылып, қаза тапты
©https://bez-provodov.com
125
оқылды

Үндістанда сымсыз құлаққап арқылы сөйлесіп жатқан жігіт қайтыс болды.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға Раджастан штатында болған. 28 жастағы Ракеш Кумар Нагардың құлаққап арқылы сөйлесіп жатқан кезде жарылған. Салдарынан ер адам есінен танып қалған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер жігіттің қайтыс болғанын жеткізді. Болжам бойынша жас жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

Белгілі болғандай, ер адам қуатталып жатқан смартфонға қосылып тұрған құлаққапты пайдалаған. Жарылысқа құрылғының сапасы немесе электр қуатының жоғарылауы себеп болуы мүмкін. Осы ретте құлаққаптың қай брендке тиесілі екені хабарланбады. Алдын ала мәліметке сәйкес, құлаққапты жергілікті өндірушілер жасағаны белгілі болып отыр.