Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасына арнайы форма тіктірілді. Бір спортшыға берілген киімнің құны 355 мың теңгеге шыққан. Бұл ақпаратты 31 арна жариялады.
Мысалы, олимпиадалық күрте – 150 мың теңге, капюшон – 110 мың теңге, шалбар 60 және футболка 35 мың теңге. Бүкіл жиынтық 355 000 теңгеге шыққан. Дизайнер Салтанат Баймұхамедованың сөзінше, уақыттың тығыздығына байланысты киімге қажетті материалды Тайваньнан ұшақпен жеткізілген. Сол үшін де форманың бағасы қымбатқа шыққан. Оның үстіне, әрбір киім әр спортшының өлшеміне сай арнайы тігілген. Қазір форманың бәрі сатылып кеткен. Алдағы уақытта арзан нұсқасын жасамақ.