Маңғыстауда «Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» науқанының қорытындысы белгілі болды.
27 жастағы маңғыстаулық тұрғын Қайрат Қосаевқа 38-ші шағынауданда орналасқан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жаңа үйді «К7 Group» құрылыс компаниясы салған.«Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Бастапқыда бұл науқанға сенген жоқпын. Қазір шынайы екеніне көзім жетіп отыр. Қуаныштымын. Жеке баспанам жоқ еді, енді ата-анам Ақтауға көшіп келгенде тұратын үйі дайын», — деді Қайрат Қосаев.Жеңімпаздың айтуынша, вакцинаны ол ұтысқа қатысу үшін емес, өз денсаулығын күту мақсатында салдырған. Ол облыс тұрғындарын қазіргі эпидемиологиялық ахуалға салмақты қарап, екпе алуға шақырды.