Головкин мен Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік ондыққа енді

Головкин мен Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік ондыққа енді

Атақты The Ring басылымы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Орта салмақта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1) әлі де көш бастап тұр. Екінші, үшінші орынға тиісінше америкалық қос боксшы Джермалл Чарло (32-0-0) мен Деметриус Андраде (30-0-0) жайғасты. Ал осы салмақта өнер көрсететін тағы бір жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0) 7-орыннан көрінді.

1. Геннадий Головкин (41-1-1) – Қазақстан, 2. Джермалл Чарло (32-0-0) – АҚШ, 3. Деметриус Андраде (30-0-0) – АҚШ, 4. Сергей Деревянченко (13-3-0) – Украина, 5. Риота Мурата (16-2-0) – Жапония, 6. Хайме Мунгия (37-0-0) – Мексика, 7. Жәнібек Әлімханұлы(10-0-0) – Қазақстан, 8. Крис Юбэнк-кіші (30-2-0) – Ұлыбритания, 9. Лиам Уильямс (23-3-1) – Ұлыбритания, 10. Феликс Кэш (14-0-0) – Ұлыбритания.