Майя Манеза екінші баласын  өмірге әкелді
Майя Манеза екінші баласын  өмірге әкелді
Фото: nur.kz
157
оқылды
Ауыр атлет Майя Манеза екінші баласын өмірге әкелді. Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялады. Ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасында қыз дүниеге келді. Олар қызына Алина деген есім берген. "Бүгін отбасымда өте маңызды, әсерлі және бақытты күн! Сүйікті күйеуім Вячеслав екеуміз тағы бір нәрестенің ата-анасы болдық! Алинамыздың салмағы – 4 келі, 54 сантиметр. Хас сұлудың өзі! Аллаға шүкір", – деді спортшы. Майя Манеза  2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Бұрынғы ауыр атлет Ершов екеуінің үйлену тойы 2013 жылдың сәуірінде өткен болатын. Тұңғышының аты – Арсений.