Талдықорғанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген ұйымдасқан топ мүшелері анықталды. Оларды Алматы облысының полициясы құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Алты күдіктінің төртеуі ұсталған.
"Бір ай ішінде қалада пайдалануға берілмеген үйлерден бірнеше ұрлық жасалды. Ұрылар үйге кіріп, жылу батареяларын ұрлаған, - дейді Талдықорған қаласындағы ПБ Батыс полиция бөлімінің бастығы Айдын Әденбаев.Полиция мәліметінше, қазір топтың қалған екі мүшесін ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар бес ұрлық жасағанын мойындады, бірақ олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. https://www.youtube.com/watch?v=_Sr2d351T0Y&feature=emb_title Соталды тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың көлігі сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылған.