Алматы облысында "Қазпошта" қызметкері зейнеткерді иіссу сатып алуға мәжбүрлеген. Әлеуметтік желіде Алматы облысы тұрғынының шағымы жарияланды. Ол Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында зейнеткерді "Қазпошта" бөлімшесіндегілер 3 500 теңгеге иіссу сатып алуға мәжбүрлегенін мәлімдеген. https://www.youtube.com/watch?v=m4dFD8RoBlk Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі өкілдері "Қазпошта" филиалы өкілдері зейнеткерге иіссудың ақшасын қайтарғанын мәлімдеді.
"Жұмысшылармен зейнеткерлерге олардың ниетінсіз мұндай тауарды сатуға қатысты әңгіме жүргізілді. Аудан басшылығы Бәйтерек ауылдық "Қазпошта" филиалының аға пошташысына сөгіс жариялады", - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.