Мессидің "ПСЖ" клубында алатын жалақысы белгілі болды
Мессидің "ПСЖ" клубында алатын жалақысы белгілі болды
Фото: rctiplus.com
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын ПСЖ сапында жалғастыратыны анық. Бұл туралы Инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.
"Лионель Месси ПСЖ сапына қосылады... Кеттік! 2024 жылдың маусымына дейін созуға болатын екі жылдық келісімшарт жасалды. Жалақы көлемі бонустарды қосқанда, маусымына 35 миллион еуро.
Месси "Пари-Сен-Жермен" ұсынысын қабылдағаны анық және Парижге бірнеше сағаттан соң келеді. Келісімшарт туралы ресми ақпарат та алдағы уақытта жарияланады", - деп жазды Романда Твиттер парақшасында. 5 тамызда "Барселона" Месси кеткенін хабарлады. Бұл Испания чемпионатындағы қаржылық және құрылымдық қиындықтарға байланысты болды. Ал аргентиналық "Пари Сен-Жермен" сапына өтуі мүмкін.