Биыл 16 наурыз күні мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлының қоғамдық қабылдауына Шарбұлақ ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты ана Б.Кемелбек көмек сұрап келген болатын. Ол әңгіме арасында үйінің жоқтығын, әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтып, партиялықтардан тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуін және тұрғын үй мәселесі бойынша көмек көрсетуін сұрады.
Кейін осы мәселе жөнінде «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шарбұлақ ауылының әкімі Жандос Арыстанбекұлына тапсырма беріліп, аталған жағдай бойынша жұмыс атқарылды. Өз кезегінде Жандос Үсенбеков Шарбұлақ ауылының кәсіпкерлерін ұйымдастырып, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі ана Б.Кемелбекке пәтер кілтін табыстады. Сонымен қатар Б.Кемелбектен бөлек тағы да көмекке мұқтаж 2 отбасына пәтер кілті берілді.Әбілмансұр ЖАСАН