Тұрғындардың өтінішін тыңдады

Тұрғындардың өтінішін тыңдады

«Nur Otan» партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­­лиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесінде об­лыс­тық мәслихат депутаты Қа­мидолла Ирменов тұр­ғын­дарды қабылдады.

Қабылдау бөлмесіне мате­риал­дық көмек сұраған көп­ба­лалы ана хабарласты. Ол оқу жы­лы жақындап қалғанын ай­тып, соған орай оқу формасы мен оқу құралдарын алуға көмек көр­сетілсе деген өтінішін жет­кіз­ді. Өз кезегінде Қамидолла Ир­­­менов көпбалалы анаға қо­сымша көмек көрсетілетінін ай­та келе, өтініш иесінің барлық бай­ланыс деректерін жазып ал­ды. Сондай-ақ оған консуль­та­ти­в­тік және заңнамалық тұр­ғы­дан кеңес берілді. Депутаттың қабылдауына жа­зылған тағы бір өтініш иесі 4 рет инсульт соққан, денесінің 95 пайы­зы жарамсыз болған жол­дасына әлеуметтік қызмет­кер­ді тағайындау бойынша көмек сұрап хабарласты. Ол ми­­­нистрліктен де, облыстық Әлеуметтік қамтамасыз ету бас­қар­масынан да аталған мәселе жөнінде көмек сұраған. Бірақ еш­қандай көмек ала алмай жүрг­енін айтты. Тиісті мекемеге хабар­ласқан кезде І топ мү­ге­дегіне әлеуметтік қызметкер және қамқоршысына ешқандай өтемақы заңнамалық норма­лар­ға сәйкес белгіленбейтіні анық­талды. Егер тиісті заң­на­ма­лық құ­жаттар қабылданатын болса, бұл мәселе көп күттірмей шеші­мін табатыны айтылды. Қами­дол­ла Мүтиғоллаұлы бар­лық мән-жайды толығымен біліп, тиіс­ті мекемеге депутат­тық сауал жолданатынын мәлім етті. Келесі болып тұрғын үй ке­зе­гіне тұра алмай жүрген көп­ба­лалы ана хабарласты. Қабылдау барысында Казталов ауданында ескі мекенжайы бойынша тіркелгені анықталды. Ескі ме­кен­жайдан тіркеуден шыға ал­май жүргенінің себебі – ол тұр­ғын үйдің қожайынының ауы­суы. Қазір қалада жалдамалы пә­терде тұратыны белгілі болды. Депутат көпбалалы ананың байланыс нөмірін жазып алып, оған да бұл мәселе бойынша қо­сымша консультативтік және заң­намалық тұрғыдан кеңес берілетінін жеткізді.

А.ЖАСАНҰЛЫ