Жастар кеңесі маңызды мәселелерді талқылады
Жастар кеңесі маңызды мәселелерді талқылады

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жа­нын­дағы Жастарды қолдау бағыты бойынша қоғамдық кеңес отырысының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде өңір бойыша жұмыссыз жас­тар­дың санын азайту жолдары мен Пре­зиденттің бес әлеуметтік бас­­­тамасын іске асыру барысы, үшін­ші бастама: «жоғары білім­нің қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру және студент жастардың жа­тақханадағы жағдайын жақ­сарту» мәселесі қарастырылды. Кеңес отырысына «Nur Otan» пар­тиясы Алматы облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, «Jas Otan» Жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы Еркебұ­лан Ақболатов, облыстық бас­қар­малардың жауапты маман­дары мен Жастарды қолдау бағы­ты бойынша қоғамдық кеңес мү­шелері қатысты. Алматы облысының Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масы басшысының орын­ба­сары Бақыт Жақсыбаева өңірдегі жұ­мыссыз жастарға қатысты ат­қарылып жатқан жұмыстар жө­нінде баяндама жасады. Одан кейін жоғары білімнің қол­же­тімділігі мен сапасын арттыру жә­не студент жастардың жатақ­хана­дағы жағдайын жақсарту мә­селесі жайында облыстық Білім басқармасының Техника­лық және кәсіптік білім беру бө­­­лімінің бас маманы Кенжегүл Дүй­сенбиева сөз сөйледі. Кеңес мүшелері ауыл жас­тары­ның «Еңбек» бағдарламасы ая­­­сында тұрақты жұмыспен қам­тылуы мен жаңадан салынған жа­тақханалардың сапасына қа­тысты сауалдарын қойып, тұ­шым­ды жауап алды.

А.ЖАСАН