«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау бағыты бойынша қоғамдық кеңес отырысының кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде өңір бойыша жұмыссыз жастардың санын азайту жолдары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы, үшінші бастама: «жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесі қарастырылды. Кеңес отырысына «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, «Jas Otan» Жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Ақболатов, облыстық басқармалардың жауапты мамандары мен Жастарды қолдау бағыты бойынша қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева өңірдегі жұмыссыз жастарға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Одан кейін жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесі жайында облыстық Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Кенжегүл Дүйсенбиева сөз сөйледі. Кеңес мүшелері ауыл жастарының «Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыспен қамтылуы мен жаңадан салынған жатақханалардың сапасына қатысты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.А.ЖАСАН