Нью-Йоркте көрсетілетін фильм
Нью-Йоркте көрсетілетін фильм
114
оқылды

«Жаным, ты не поверишь» фильмі New York Asian Film Festival кинофестивалінде көрсетілмек. Кинофести­валь­дің ерекшелігі онлайн фор­матта да, оффлайн режимде де өтеді. 6-22 тамыз аралы­ғында Линкольн орталығында 60-тан аса түрлі жанрдағы фильм­дердің көрсетілімі болады.

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, ты не поверишь» кар­ти­насының тарихы жас жұбайлар арасындағы қарапайым отба­сылық жанжалдан басталады (Данияр Алшынов пен Әсел Қалиева). Жағдай шиеленісе бастағанда, Дастан есімді бас кейіпкер (Азамат Маркленов, Ерлан Пірімбетов) бизнесмен және учаскелік поли­ция қыз­мет­кері балық аулауға шы­ғады. Күтпеген жағдайлар бұл күнді қанды оқиғаға айналдырады. Режиссердің айтуынша, бұл – күлкілі әрі қызық кино. «Бір жа­ғынан авторлық кино, бұған дейін түсірілген фильмдерге ұқсамайды. Екінші жағынан, көрермен күтпе­ген түрлі оқиғаларға толы. Музы­касы да бөлек, жұлдыздар да қа­тысқан әзілге толы фильм. Сце­нарийінде де еркіндік бар. Бұл фильм көрермен тарапынан да жоғары баға алды», – дейді ре­жиссер.

Гүл БЕКЗАТ