Семей қаласында кәсіпкер 1844 жылы салынған көпес үйін құлатпақ болған. Қазір ғимаратқа ескерткіш мәртебесі берілді.
«Шаһардың көркін ашатын, ерекше сәулеттік стилін сақтаған көне ғимараттар талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Әлбетте, мүмкіндігінше олардың сұлулығы мен бірегейлігін сақтау - біздің міндетіміз. Жуықта бұл мәселе қалалық әкімдіктің кеңейтілген аппарат отырысында қаралған еді», - деді қала әкімі Бақытжан Байахметов. Әкім бірнеше сәулеттік ескерткішті аралап қайтқан. Соның бірі – 19-ғасырдың бірінші жартысында салынған мұнаралы мешіт.«Мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осы ретте, әлі құжаттарды рәсімдеп, тарихи нысанды балансқа алу қажет. Сондай-ақ, Найманбаев көшесі, 187 мекенжайындағы кезіндегі көпес үйіне бардым. Бұл ғимаратқа таяуда сәулеттік ескерткіш мәртебесі берілген. Кірпіштен салынған әсем үй жөндеуден өткен. Бірақ, өкінішке қарай, меншік иелері ескерткіштерді қорғау туралы заңнаманы сақтамайды», - дейді ол.