Қай министрлік бюджетті дұрыс игере алмады?

Қай министрлік бюджетті дұрыс игере алмады?

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейлерінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің шығысы 99,3 пайызға, республикалық бюджеттің шығысы – 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,7%-ға атқарылды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттің барлық деңгейлерінде атқарылу көрсеткіші жоғары», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, республикалық бюджет бойынша сомасы 8,6 трлн. теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау 17 млрд. теңгені, оның ішінде үнемдеу 5 млрд. теңгені құрады. Игерілмегені - 12 млрд. теңге.

«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Қаржы, Төтенше жағдайлар мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну; төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу; орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; сот талқылауларының болуы», - деді министр.