Қазақстандық қыз Дина Әмір АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды. Ол әлемдегі ең ірі халықаралық сұлулық байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды.
Сайыс 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен.Динаны қолдау үшін байқауға сыныптастары мен оның стилисі де барған. Ол өзі соңғы 7 жыл Қазақстандағы IT-компанияларда маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=7zljocUAJLM&ab_channel=AizhanaTugelbayeva[/embed]"Эмоция өте көп. Сөзбен айтып жеткізе алмайсың, өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Өйткені мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Ақылына көркі сай қатысушылармен танысу өте керемет, - деді Дина.