Арал ауданына көмек жалғасуда
Арал ауданына көмек жалғасуда
154
оқылды

Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған Қызылорда облысы Арал ауданы Райым ауылына престелген 300 дана жоңышқа шөбі жөнелтілді.

Арал

Қайырымды шараны «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Керделі» бастауыш партия ұйымына қарасты «Жиделіарық» партиялық тобының жетекшісі Ерлан Әбілдашев ұйымдастырды. Берекелі іске "Жиделі-1" шаруа қожалығы, ерікті азаматтар мен қоғам белсенділері қолдау білдірді.

Арал Игілікті шара алдағы уақыттарда да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар. Арал Жалпы, атап өту керек, бұған дейін облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық партия филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мағжан Ералиевтің қолдауымен «Jas Otan» ЖҚ бастамасымен басталған «Аралмен біргеміз» акциясы аясында Аралдағы ағайынның мал азығына 1000 дана жоңышқа пресі жөнелтілсе, қуаңшылық қыспаққа алған аралдықтарға жалағаштық нұротандықтар да қолұшын созды.