Ұлыбританияда ернін үлкейтпек болған әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Ұлыбританияда ернін үлкейтпек болған әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
©caravan.kz

Қорқынышты аллергиялық реакция Ұлыбритания тұрғынының өмірін қия жаздады. Әйел ернін ұлғайтқысы келіп, инъекция салғызған. Алайда, бұдан соң оның беті ісіп, косметологтың әрекеті жағдайын нашарлатып жіберген.

Daily Mail-дың жазуынша, Кори Перри өмірдегі қиын кезеңнен кейін көңіл-күйді көтеру үшін косметикалық процедураға жүгінуді шешкен. Сөйтіп, 380 фунт стерлингке ернін үлкейтпек болған. Кейде адам ағзасына байланысты теріс реакция болу мүмкіндігін маман ескерткен. Бірақ, косметологтың айтуынша, мұндай жағдайларда асқынуы өте сирек.

Ботокс инъекциясынан кейін Керри Паридің бетіндегі қан тамырларының бірі бітеліп қалған. Әрі қарай, косметолог мәселені шешу үшін гиалуронидаза инъекциясын ботокстың еріткіші ретінде пайдаланған. Бірақ ол аллергиялық реакция тудырып жіберген.

Әйелдің айтуынша, оның ерні мен беті ісініп, үш есе ұлғайған. Бұдан кейін жедел жәрдем шақыруға тура келген. "Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты күн болды. Бұлай ешқашан қорықпағанмын", — деп мойындады ол. Дәрігерлер оған британдық антигистаминдер енгізіп, оттегі маскасын кигізіп, реанимацияға жеткізген. Бұған дейін әйел 20 жастан асқан кезде ерінін үлкейтуге барғанын айтты. Ол кезде барлығы сәтті өтіп, нәтижесі ұнапты.