Цой жаңа оқу жылында кімдер онлайн форматта оқитынын айтты

Цой жаңа оқу жылында кімдер онлайн форматта оқитынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елімізде жаңа оқу жылында кімдер онлайн форматта оқуы мүмкін екенін айтты.  Алексей Цой жаңа оқу жылында білім беру мекемелеріне қатысты жаңа санитарлық ережелер бекітілгенін айтты. Құжатқа сәйкес, қашықтан оқытуға ауыстыру мектепте санитарлық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ, жақын байланыста болған тұлғалардың санына қарай сараланып, жүзеге асырылатын болады. Министрдің айтуынша, вакцинацияланбаған студенттер онлайн оқытуға ауыстырылады. Сонымен қатар бұдан былай оқу мекемелеріне, кітапханалар мен жатақханаларға кірерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болады. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды сақтау шарт. Бұл педагог, қызметкерлер мен ата-аналар арасында инфекция жұқтырғандарды, вакцинацияланбағандар мен байланыста болғандарды бақылау үшін қажет.