Елордада болған жұмысшылар арасындағы төбелестің видеосы желіде тарады
Елордада болған жұмысшылар арасындағы төбелестің видеосы желіде тарады
155
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті видеосы желіде тараған жұмысшылар арасындағы төбелестің қайда және қашан болғанын хабарлады. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында құрылыс нысанында жұмысшылардың төбелесіп жатқаны түсірілген видео анықталған. Оқиға 6 тамыз күні күндіз Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында болған. Құрылысшылар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Төбелеске қатысушылардың барлығының аты-жөні анықталып, полицияға жеткізілді.
«Оқиға болған уақытта полицияның 102 нөміріне ешкім қоңырау шалмаған. Анықталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АСТАНА | НУРСУЛТАН ???? (@kris.p.astana)