Түркістан облысында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі аумағында өлі күйінде табылған 4 студенттің неден қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлады Aibat.kz. Облыстық Полиция департаментінен хабарлағандай, туристердің өкпе және тыныс жолдары суға толған, яғни жігіттер суға батып кеткен. Құқық қорғау органының қызметкерлері олардың қашан қайтыс болғанын айта алмады. Бір сәтте ме, әлде әртүрлі уақытта көз жұмды ма, бұл жағы белгісіз. Қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Тірі қалған үш студенттен куәгер ретінде жауап алынған. Бұған дейін құтқарушылар 4 туристің неден қайтыс болғанына болжам жасаған болатын.