Оқушылардың бірінен вирус анықталса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі - БҒМ

Оқушылардың бірінен вирус анықталса, бүкіл сынып қашықтан оқуға жіберіледі - БҒМ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында алдағы оқу жылына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Министрдің айтуынша, егер бір сыныпта әлде бір топта коронавируспен ауырған бала шықса, онда дәл сол топ немесе сынып қашықтан оқыту форматына жіберіледі. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген қағида екен. Ал оқушының, студенттің ата-анасы немесе білім алушының өзі ауырып қалса, онда одан аурудың клиникалық белгілері мен симптомдары байқалмаса да, білім ордасына кіргізілмейді. Еске салайық, мектеп оқушылары алдағы оқу жылында дәстүрлі форматта оқиды. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазір вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды.