Жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтарға 85 400 теңге мөлшерінде көмек беріледі деген сөз шықты
Жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтарға 85 400 теңге мөлшерінде көмек беріледі деген сөз шықты
© zhaikpress.kz
233
оқылды
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды.  
"Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.