Елордада жыл басынан бері коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында 23 адам көз жұмған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, бұл адамдардың жасы 50-ден жоғары және олардың бірнеше созылмалы ауруы болған.
"Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 1081 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның 23-і толық вакцина алғандар. Олар вакцина салдырған адамдардың 2 пайызын құрайды. Бұл адамдардың жасы 50-ден жоғары болған және олардың бірнеше созылмалы ауруы болған. Қазіргі уақытта олардың қандай аурумен ауырғаны сараланып жатыр, кейін оны да анықтап айтатын боламыз", - деді ол брифингте.