Оралдық тұрғынның көлік ұрлаған сәті видеоға түсіп қалған
Оралдық тұрғынның көлік ұрлаған сәті видеоға түсіп қалған
148
оқылды
БҚО-да полицейлер көлік ұрлады деп күдікке ілінген тұрғынды ұстады. Ол ұрлық жасау кезінде мас күйде болған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған. Полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамызда теміржол вокзалының жанындағы автотұрақтан Toyota Estima маркалы автокөлік ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Автокөлік құралының 31 жастағы иесі келтірілген шығын 4 миллион теңге болғанын мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған көлікті айдап келе жатқан Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала тергеу барысында оның автокөлікті есірткіге мас күйде басқарғаны анықталды. Ол марихуана қолданған. Бұрын ұсталған азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді БҚО полиция департаментіндегілер.