Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы мансабындағы ең үлкен жекпе-жегін өткізеді
Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы мансабындағы ең үлкен жекпе-жегін өткізеді
158
оқылды
21 тамызда суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізеді, – деп жазады Sports.kz сайты. Германияның Гамбург қаласындағы Universum Gym залында Кособуцкий  WBA International титулын қорғау мақсатында америкалық боксшы Джоуи Давейкоға (21-8-4, 12 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Беделді BoxRec.com сайты Кособуцкийдің алдағы айқасын үш жұлдызға бағалаған – бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Ал бұған дейін ол екіжұлдызды кездесулер өткізетін. BoxRec.com-дағы жекпе-жектер рейтингі бокс кешінің статусына, ойнатылатын титулдар беделіне негізделеді.