Пәтерін жөндеткен павлодарлық 2 миллион теңгесін таба алмай қалды

Пәтерін жөндеткен павлодарлық 2 миллион теңгесін таба алмай қалды

Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, пәтерді тексеру кезінде полиция қызметкерлері жоғалған ақша мен құжаттарды пәтерден тапқан.

Вера Николаевнаның айтуынша, пәтерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеушілер кеткен соң 2 млн теңгенің жоғалғанын анықтаған. Жоғалған заттарын таппаған соң полицияға ұрлық туралы арыз жазған.

«Әдеттегі жерден ақшаны таба алмаған соң қобалжып, оны қайда қойғанымды ұмытып қалыппын. Басшылықтан көмек көрсеткен қызметкерлердің еңбегі мен біліктіліктерін атап өтуді сұраймын, оларға  алғысым шексіз», - деді Вера Николаевна.

Павлодар қаласының тұрғыны Никитина Вера Николаевна Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына алғыс хат жолдады.