Шымкент әкімдігі қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Шымкент әкімдігі қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
©tengrinews.kz
128
оқылды

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы осы бөлімнің бірнеше қызметкері пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінген еді. Алайда кейін олардың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес мәлімдейміз.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) бәрі жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түскен жоқ", – делінген ведомствоның Instagram-парақшасында. Айта кетейік, 11 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын 80 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінген еді.