Шымкент қалалық мәдениет басқармасы осы бөлімнің бірнеше қызметкері пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінген еді. Алайда кейін олардың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес мәлімдейміз.Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат түскен жоқ", – делінген ведомствоның Instagram-парақшасында. Айта кетейік, 11 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын 80 миллион теңге көлемінде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінген еді.Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) бәрі жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.