Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды. «Мейірім» медициналық орталығы ұйытқы болған бастамаға аудан әкімдігі қолдау білдіріп, аурухана жанынан арнайы бөлме бөліп берген. Қазір онда заманауи жоғары технологиялық 80 кескінді компьтерлік томограф орнатылып отыр.
Әлемдік пандемия жағдайында бұл әрине аудан жұртшылығы үшін үлкен олжа. Себебі КТ коронавирустық пневмония диагнозын дәл қоятын сенімді құрылғы болып табылады. Одан бөлек компьютерлік томография өзге де диагностикалық тексерулер жүргізуге қауқарлы.Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы