Атырауда жастар көлік капотына мініп, туған күн тойлаған (видео)
Атырауда жастар көлік капотына мініп, туған күн тойлаған (видео)
©hsputnik.kz
196
оқылды

Атырауда қыз-жігіттер жеңіл автокөліктердің төбесі мен капотына мініп, көңіл көтерген.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, олардың бұл қылығы қала көшелерінің бірінде түсірілген. Ал куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. Жастар Toyota Camry мен Lada 21725 көліктерінің төбесі мен капотына отырып алған. Патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс барысында 18 бен 19 жастағы жүргізушілерді анықтады. Олар кінәсін толығымен мойындады. Досының туған күнінде жолаушыларды көлік төбесіне, капоты мен жүк салғышына отырғызып тасымалдағанын растады. Екеуіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Toyota Camry айдаған 19 жастағы жүргізушіге 29 170 теңге, ал Lada 21725 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне 43 755 теңге айыппұл салынды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=txTdo3orhoc&ab_channel=%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%8F.%D0%BAz-%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB[/embed]