Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Фото: Асқар Ахметуллин
170
оқылды

1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 921 теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 шілдедегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 898 теңге болған. Ал 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 94 733 теңге болған. Ведомство мәліметінше, биыл 1 тамызында елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 238 мың адам болған. Оларға жыл басынан бері 1,5 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген. 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 млрд теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 млрд теңге бағытталды. 2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,1 млрд теңге бөлінді. Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.