Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер алаяқтық бойынша күдікке ілінгені анықталды
Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер алаяқтық бойынша күдікке ілінгені анықталды
©tengrinews

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Forbes нұсқасы бойынша 50 кәсіпкер тізіміне енген "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "Азия-Авто" компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкинге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

Онда сот сырттай бұлтартпау шарасына санкция бергені, кәсіпкерге іздеу жарияланғаны айтылады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Айта кетейік, бұған дейін Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны хабарланған.