Қазақстанда қай жастағы, қай өңірдегі азаматтардың зейнетақы шотында көп ақша бар?

Қазақстанда қай жастағы, қай өңірдегі азаматтардың зейнетақы шотында көп ақша бар?

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 12,8 трлн теңгеден асты. LS агенттігі қай жастағы қазақстандықтардың зейнетақы шотында көп қаржы бар екенін жазды.

Ұлттық банктің деректері бойынша, 2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша міндетті жарналардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 млн жуық, ал жинақтар сомасы – 12,4 трлн теңгеге жеткен. Салымшылардың шоттарында жиналған қаржыны жасы бойынша қарасақ:
  • 31-40 жасқа дейін – шамамен 3,7 трлн теңге;
  • 41-50 жасқа дейін – 3,67 трлн теңге;
  • 51-60 жасқа дейін – 3,22 трлн теңге;
  • 21-30 жасқа дейін – 1,1 трлн теңге;
  • 61-70 жасқа дейін – 681,8 млрд теңге.
Ең аз қаржы 20 жасқа дейінгі салымшылардың шотында – 14 млрд теңге, 71-80 жасқа дейін – 4,8 млрд теңге және 81 және одан үлкен жастағы азаматтардың шотында 799,6 млн теңге сақталған. Өңірлер бөлінісінде зейнетақы қаражатының ең көп үлесі дәстүрлі түрде Алматыдағы (2,4 трлн теңге), Нұр-Сұлтандағы (1,2 трлн теңге) және Қарағанды облысындағы (1,1 трлн теңге) шоттарда сақталған. Ал ШҚО тұрғындарында – 937 млрд теңге, Шымкентте – 934 млрд теңге, Атырау облысында – 666,5 млрд теңге және Ақтөбе облысында – 651,7 млрд теңге жиналған. Ең аз қаражат СҚО салымшыларында – 345,7 млрд теңге, Қызылорда облысында – 393,7 млрд теңге және Түркістан облысында – 36,3 млрд теңге болды.