Алматыда бірге қылмыс жасаған әпкесі мен інісі ұсталды
Алматыда бірге қылмыс жасаған әпкесі мен інісі ұсталды
© видеодан алынды
178
оқылды
Алматыда інісі мен әпкесі “екпе төлқұжаттарын” жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтады.
– Біздің назарымызға бірінші 22 жастағы А. есімді азамат түсті, ол алаяқтықтың барлық ұйымдастырушылық әрекетін жүзеге асырған. Әлеуетті клиенттерді тапты, келіссөздер жүргізді, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдады. Содан кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесі қосылған. 25 жастағы М. есімді азамат өз кезегінде КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына “клиенттердің” деректерін енгізді. Біз іс жүргізу тәртібімен М. есімді азаматтың жұмыс орнында рұқсатпен іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Екі айыпталушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізуде.