Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты

Алматы тұрғыны тікелей эфирде Сағынтаевқа той өтетінін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сұрағына тікелей эфирде жауап берді. Эфир кезінде қала әкіміне болатын той туралы сауал қойылды. Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың бірі таяуда қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтетінін айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шектеулеріне қарамастан ұйымдастырылып жатқан отбасылық мерекені болдырмау керек.

"Сізге 14 тамызда Момышұлы көшесіндегі "Керемет" мейрамханасында той болатынын айтайын деген едім. Мемлекеттік органдар оны болдырмауға шара қолдана ала ма? Соны білгім келеді. Себебі қаладағы эпидахуал қандай екені бәрімізге белгілі", – деді ол Алматы әкіміне.
"Жақсы, біз бұл мейрамханаға мониторинг тобын жібереміз және мерекені кім және қашан өткізуді жоспарлап жатқанын анықтаймыз", – деп жауап берді Сағынтаев.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)