«Осы сәтті қанша күттім»: Илья Ильин Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесті
«Осы сәтті қанша күттім»: Илья Ильин Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесті
Фото: видеодан скриншот
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевпен кездескен сәтін  көрсетті. "Қолыма Токиодан әкелінген медальді ұстап, туысқандарша құшақтасатын сәтті қанша күттім. Бұл – бүкіл Қазақстан халқының медалі! Жарайсың, Қамшыбек, сен үшін өте қуаныштымын, жерлес екенімізді мақтан тұтамын!», – деп жазды Ильин. Естеріңізге сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өткен Олимпиада ойындарда Қазақстанға "қола" әкелді. Қазақстандық спортшының финалға шығар жолын америкалық Ричард Торрес бөгеді. Ал Торрес финалда Өзбекстан боксшысы Баходир Жалоловтан жеңілді.