Қызметін жиі ауыстыратын экс-министрлер қайда жүр?
Қызметін жиі ауыстыратын экс-министрлер қайда жүр?
©️А.Ахметқазы
221
оқылды

Қазақстанда әлдебір салаға қатысты дау не жанжал шықса, соңы ведомство басшылығының отставкаға кетуімен тынады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, экс-министрлер мемлекеттік қызметтен шеттетілгенімен, ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызға ие компаниялардан жылы орын тауып, сенім кредитін қайта ақтауға кірісетін тәрізді. 

[caption id="attachment_155794" align="alignnone" width="1024"]сапархан омаров экс-мнистр ©️parlam.kz[/caption] Таяуда ғана Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетті. Себебі қуаңшылық шаруаны малдан, министрді қызметінен айырды. Алайда экс-министр іле-шала "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Мамандығы бойынша экономист әрі заңгер экс-министр бұған дейін де 1996-2007 жж. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген болатын. [caption id="attachment_155795" align="alignnone" width="1024"]экс-министр асылжан мамытбеков ©️shalkarfm.kz[/caption] Дәл осы Ауыл шаруашылығы министрлігін 2011-2016 жж. тізгіндеген Асылжан Мамытбеков те кезінде отставкаға кетіп, "машайықтан қашайық" болған еді. Мамандығы бойынша алдымен заңгер, сосын экономист Мамытбеков 2018 жылдың қаңтарынан бері "Қазақстанның ет одағы" бірлестігінің басшысы қызметін атқарады. [caption id="attachment_155799" align="alignnone" width="1024"] width= ©️inbusiness.kz[/caption] Мамытбековпен бір уақытта Елбасының қаһарына ілігіп, министр қызметінен кеткендердің бірі Ерболат Досаев болатын. Досаев пен Мамытбеков Жер кодексіне қатысты жұмыстарды тиісті дәрежеде атқара алмауына қатысты біраз сөз естіп, сынға ұшырады. Сөйтіп, Ұлттық экономика министрлігіндегі жылы орнынан айырылды. Қаржыгер Досаевтың Денсаулық сақтау министрлігін тізгіндегені де бар. Бірақ Шымкенттегі 150-ден астам баланың ВИЧ инфекциясын жұқтыруына байланысты атышулы істен кейін отставкаға кетуге мәжбүр болды. Сонымен кезінде Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев қазір Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарады. [caption id="attachment_155800" align="alignnone" width="800"] width= ©️tengrinews.kz[/caption] Алайда атышулы экс-министрлер тізімінде ойып тұрып орын алатындардың бірі Жақсылық Досқалиев мырза болса керек. Ол 2001-2004, одан соң 2008-2010 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған еді. Астана медицина университетінің ректоры болып тұрғанда көп пәтерлі тұрғын үй салу кезінде аса ірі мөлшерде пара алды деген сот үкімімен 2011 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол 2012 жылы Н. Назарбаевтан кешірім сұрап, жазасын өтеу мерзімін 2 жылға дейін қысқартты. Содан кейін ол көп ұзамай шартты түрде босап шықты. Ал 2012 жылы тамыз айында Ж. Досқалиев сотты болғанына қарамастан, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа ғылыми қызметкер ретінде қабылданды. 2013 жылдан бері Республикалық трансплантациялық орталықтың басшысы қызметін атқарады. [caption id="attachment_155801" align="alignnone" width="1024"] width= ©️ШҚО әкімінің баспасөз қызметі[/caption] Экс-министрлер тізіміндегі ірі фигуралардың бірі — Даниал Ахметов. 2003-2007 жж. премьер-министр болған Д. Ахметов 2007-2009 жж. Қорғаныс министрі қызметін атқарды. 2009 жылы Қорғаныс министрлігінде жанжал шығып, министр орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Салдарынан Д. Ахметов мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Бірақ 2012 жылы Энергетика және инфрақұрылым министрі, кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. [caption id="attachment_155802" align="alignnone" width="1024"] width= ©️azattyq-ruhy.kz[/caption] Зейнолла Кәкімжановты біреу білсе, біреу білмес. Бизнес саласында біраз жетістікке жеткен Кәкімжанов 90-жылдардың ортасында Н. Назарбаевтың көмекшісі болған. Көп ұзамай Мемлекеттік кірістер министрлігі, Кеден комитеті және Қаржы министрлігін тізгіндейді. Үкіметтегі ірі фигуралардың бірі болған Кәкімжановқа қатысты "бизнесінің қамын жеп, күйін күйттейді" деген айыптар жиі тағылатын. 2003 жылы ақыры үкіметтен кетіп, бес жыл бойы Қазақстанның инвестициялық қорын басқарды. 2006 жылы Асы үстіртіндегі жүзім алқабын сатып алып, Arba Wine шарап өндіруші компаниясын құрады. Экс-министр 2008 жылдан бері «Altay Asset Management» компаниясын басқарады. [caption id="attachment_155803" align="alignnone" width="698"] width= ©️agkipr.kz[/caption] Жақсыбек Күлекеев. Кезінде Экономика және сауда, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігін басқарған болатын. Экс-министр 2008 жылы дау-жанжалдың ортасынан бір-ақ шықты. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының басшысы болған ол пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Бірақ "100 мың доллар пара алды" деген айып бойынша ақталды. Есесіне ұлттық компанияға материалдық шығын келтірді деген баптар бойынша айыпты деп табылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 2009 жылы шартты түрде босап шығып, алдағы бес жылда басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынды. Десе де 2010 жылдан бері Жақсыбек Күлекеев "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес ұйымы – Қазақ мұнай және газ институтының басқарушы директоры қызметін атқарып келеді. [caption id="attachment_155804" align="alignnone" width="1000"] width= ©️Altaynews[/caption] Халық арасында "потому что" атанып кеткен Серік Әбденов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болғаны мәлім. Бір жылдан аз уақыт министрлікті тізгіндеген ол әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға қатысты сұраққа дұрыс жауап бере алмай, басы бәлеге қалды. Содан кейін көп ұзамай алдымен "ҚазМұнайГаз" ҰК Басқарма төрағасының кеңесшісі, кейін компаниядағы адами ресурстарды басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2008 жылы "ҚТЖ" ҰК-ға ауысып, Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер мен HR жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Биыл көктемде бұл қызметтен кетіпті, алайда қазір немен айналысатыны белгісіз.