Жеңілмеген қазақ боксшы Деревянченконың бұрынғы қарсыласымен жекпе-жекке шығуы мүмкін
Жеңілмеген қазақ боксшы Деревянченконың бұрынғы қарсыласымен жекпе-жекке шығуы мүмкін
© The Eye of Tiger Management
176
оқылды
Супер орта салмақта жұдырықтын қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО)  келесі жекпе-жегінде мексикалық Алан Кампомен(17-5, 11 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлаған. Кездесу 21 ақпан Канаданың Квебек қаласына белгіленген бокс кешінде өтуі мүмкін. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде IBF ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен польшалық Роберт Таларек (24-13-3, 14 КО) шаршы алаңға шығады. Кампа 22 жекпе-жек өткізіп, он жетісінде жеңіске жеткен, оның он бірі нокаутпен. Сонымен бірге, боксшы бес рет жеңілген. Ол жұдырықтасқан боксшылар арасында ең белгілісі украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО). 2015 жылы өткен кездесуде Кампа нокаутпен жеңілген.