Өскеменде із-түзсіз жоғалған 14 жастағы қызды 10 жасар екі ұл бала тауып алды
Өскеменде із-түзсіз жоғалған 14 жастағы қызды 10 жасар екі ұл бала тауып алды
363
оқылды
Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалған қызды тапқан екі бала марапатталды. Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Сол жағалау полиция бөлімінде Саян Төлеуханов пен Нұрәлі Манарбекті марапаттау рәсімі өтті. 10 жасар ұлдар жоғалып кеткен қызды іздеуге белсенді қатысып, оның қайда екендігі туралы уақтылы хабарлаған.
«Сіздер жастарыңызға қарамастан шетте қалмай, көмек көрсетуден тайынбадыңыздар. Полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірге бірнеше күн бойы жоғалған 14 жастағы қызды іздеумен болдыңыздар. Ата-аналарыңызға осындай ұлдарды тәрбиелегендері үшін алғыс айтқым келеді», – деді Сол жағалау полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутов.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 14 жастағы қыздың жоғалып кеткендігін хабарлаған болатынбыз. 3 күннен кейін ол аман-есен табылған.