Қазақстанның екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіруге қатысуда – Видео

Қазақстанның екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіруге қатысуда – Видео

Бүгін Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әуе кемелері мен кәсіби дайындалған экипаж жалпы 45 циклдан тұратын 180 тонна суды өрт ошақтарына тастады. Қазақстан борттары әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшып өтті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Қазақстанның әуе кемелері Даламан қаласының іргелес аумағының отпен бақыланбайтын учаскесінде шоғырланған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда және ертең таң ата қайта басталады.

«11 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында 16 құтқарушы және Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ 2 тікұшағымен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Каспий теңізінен және Кавказ тауларынан ұшып өтіп, Даламан қаласында орман өрттерін сөндіру бойынша құтқару жұмыстарына кірісті», - делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=Bt2vmyJMusM